31.05.2016, 17:56
Оқылды: 30

Арыстарға арналған тағылымды шара

 

dadem ata (1)   Бүгін Сырым ауданы Тоғанас ауылдық округіне қарасты "Дəдем ата-Жұмағазы хазірет" мекенінде 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін атап өту мақсатында шара өтті.

   Шараны облыстық ішкі саясат басқармасы, Батыс Қазақстан инновациялық техникалық университеті, "Ақжол" ХДП облыстық филиалы, Жаһанша Досмұхамедов атындағы "Қайраткер" қоғамдық қоры, "Дəдем ата-Жұмағазы хазірет" қоғамдық қоры жəне М.Ықсанов атындағы облыстық қоғамдық қоры ұйымдастырды.


dadem ata (2)   Жиынды жүргізген модератор Нұрлан Сəдір туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет еткен ұлтымыздың ұлы тұлғаларын, алаш қайраткерлерін еске алу, олардың қоғамдық -саяси қызметтерін жастарға үлгі ету ұрпақ парызы екенін атап өтті.

    Тарих ғылымдарының кандидаты Дəметкен Сүлейменова  өз кезегінде көп жылдардағы еңбегі алаш қайраткерлерін зерттеумен өткенін айта келе, жыл сайын тарих беттері жаңа деректермен толысып отырғанын, бірақ алаш қайраткерлерінің өмір жолдарында əлі де зерттелмей жатқан тұстары көп екенін айтты.

dadem ata     Сондай-ақ шарада тақырыпқа сай баяндама жасаған БҚИТУ 4 курс студенттері Айсана Бақытжанова ("Батыс Қазақстан облысында тəркілеуге ұшыраған Алаш зиялылары"), Лунара Жексенова ("Саяси қуғын -сүргін құрбандары - Алаш қайраткерлері") жəне аталған университеттің 1 курс студенті Надия Жастілекке ( "Алаш зиялылары -тәуелсіздік бастауында") Қаратөбе, Сырым ауданы əкімшілігінен алғыс хат пен сыйлықтар табысталды.

    Орал қаласынан, Сырым және Қаратөбе аудандарынан, тіпті Алматы қаласынан арнайы келген ағайын Дәдем ата мешітінде сол бір сұрапыл жылдары құрбан болған аруақтардың рухына бағышталған Құранға қатысып, бет сипады.

  Қуғын-сүргін құрбаны болған Уалихан Əжігереевтің баласы Асылбек Əжігереев шараға арнайы келгенін, əкесінің қалай халық жауы болып атылғанына тоқталды.

    Құрбандарға ас беру рәсіміне жалғасқан шара соңында саяси қуғын-сүргін жылдары атылған үш қыздың бірі - жерлесіміз Шахзода Шонановаға арнап, Казақстан-Орал телеарнасының ұжымы түсірген "Аяздағы ақ шуақ" жəне республикалық арналар дайындаған "Алаш қайраткерлері" туралы деректі фильмдер көрсетілді.

www.zhaikpress.kz

Әділғазы Кереев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале