3.08.2015, 17:50
Оқылды: 17

Аса маңызды айлық

БҚО бойынша тұтынушылар құқығын қорғау  департамені мен БҚО денсаулық сақтау бAkjayik asa manizdi ailikасқармасының «Жіті ішек жұқпа инфекцияларының алдын алу бойынша айлық өткізу туралы» бұйрығына байланысты 20 шілдесінен бастап А., В., С., Д., Е. вирустық гепатиттердің профилактикасын күшейту мақсатында Ақжайық ауданында да тиісті іс-шаралар атқарылуда. Аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының ішек жұқпа бөлімінің жетекші маманы Гүлсая Оразбайқызы «Ақжайық» сауда үйі, сондай-ақ шаштараз қызметкерлерінің арасында, оқушылардың «Ақ шағала», «Атамекен» жазғы сауықтыру лагерьлерінде балалар арасында осы аталған аурулардың алдын алу бойынша дәрістер өткізіп, сауалнамалар жүргізді. Мысалы, «Қолды не үшін жуамыз?» тақырыбында лагерьлердегі балалар өз ой-пікірлерін жазып, суреттер салды.

Гүлсая Оразбайқызы  және аудандық орталық аурухананың инфекционист-дәрігері Альбина Жошиева медицина қызметкерлерімен гепатит ауруының клиникасы, гепатит және ішек жұқпаларының алдын алу жөнінде видеороликтер көрсетіп, семинар өткізді.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале