17.07.2015, 18:27
Оқылды: 26

Ассамблея туралы жаңа заң қабылданады

Assamblia Шілденің 16-сы күні облыстық ішкі саясат басқармасының ұйытқы болуымен және облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің қатысуымен «Этносаралық және дінаралық келісімнің қазақстандық үлгісін насихаттау арқылы қазақстандық біртектілікті нығайту» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Жиынға мемлекеттік органдар басшылары, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени орталықтар, жастар қоғамдық бірлестіктері және БАҚ өкілдері қатысты.

«Бүгінгі жаһандық қауіп-қатер жағдайында елімізде этносаралық және дінаралық келісімді нығайтудың қаншалықты маңызды екендігін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұрақты түрде қадап айтып жүр. Осы орайда азаматтық институттардың ролі өте зор. Сондықтан, сіздердің ой-пікірлеріңізді тыңдау, әрі қарай жұмысымызға жаңалықтар енгізу, атқарушы билік, біз үшін де аса қажетті дүние»-деді шараны ашқан Бақтияр Мәкенұлы.

Одан әрі сөз алған Батыс Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ғайса Қапақов жақын күндері аталмыш ұйымды үлкен жаңғырту, өзгерістер күтіп тұрғандығын жеткізді. Нақты айтқанда, Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы жаңа заң қабылданады деп күтілуде. Соған сай этносаралық келісімді нығайтуды көздеген ұйымның мәртебесі де артпақ. «Қазақстанды Отаным деп есетпеймін, осында тұрып, өсіп-өркендеймін деген кез-келген адамға бізде қолайлы жағдай туғызылған»-деді Ғ.Қапақов.

Дөңгелек үстел отырысында халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының төрағасы Болат Жексенғалиев, БҚО Азаматтық Альянсының директоры Гамал Түзелбаев және тағы басқалар сөз сөйлеп, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

www.zhaikpress.kz

Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале