4.11.2015, 14:11
Оқылды: 38

Ассамблея - қоғамдық келісім кеңесі

Janibek Assambleia   16 қараша күні Жәнібек ауданы орталығында оздырылатын  Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім форумына орай Күйгенкөл ауылдық округінің әкімдігі  кеңсесінде кітапхана және мәдениет үйі  ұжымының ұйымдастыруымен ауыл азаматтарымен пікірлесе отырып, елімізді мекендейтін ұлттар мен ұлыстардың  татулығы арқылы еліміздің жеткен жетістіктерін паш ету, аудан орталығында өтетін  Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісім форумына қатынасушыларды  тағайындау мақсатында ауыл үлкендері, жастар, мекеме басшыларының қатысуымен «Ассамблея - қоғамдық келісім кеңесі» атты  дөңгелек үстел өтті. 

Қазақстан халқы  Ассамблеясының құрылу  тарихы жөнінде мәдениет үйінің директоры І. Жандыбаевтың, «Заман айнасы – жастар» тақырыбында жас маман Т. Нұркелдінің  баяндамасы тыңдалды.

Ауылдық округтің әкімі Ә.Оспанова  мемлекеттің тұғырын бекемдеп, тыныштықты, бірлікті мығымдауда Ассамблеяның атқарып отырған рөліне  тоқталса,  сөз тізгінін алған Х.Сапаров, М.Досжанов, Ж.Хамзина, Г.Исентаева, А.Рахымғалиева, Б.Аронов өздерін ойландырып жүрген сұрақтарын ортаға салып, пікірталас өрбітті.

www.zhaikpress.kz

Меңдігүл ҒАРИФОЛЛАҚЫЗЫ

Жәнібек ауданы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале