23.06.2015, 15:30
Оқылды: 23

«Астанадан астанаға» экспедициялық тобы Жаңақалада болды

Janakala astanadan astanaga     Батыс Қазастан облыстық тарих және археология орталығының ұйымдастыруымен, Орал қаласы әкімдігінің қолдауымен жолға шыққан «Астанадан Астанаға» халықаралық ғылыми экспедициясы жолға шыққан болатын. Өткен сенбі күні Орал қаласынан жолға  «Астанадан Астанаға» халықаралық ғылыми экспедициясы кеше кешкісін Жаңақала ауданына ат басын тіреді. Сарайшық, Орда, Орынбор сияқты қазақ тарихында ерекше орын алатын қалаларда болып, зерттеу жұмыстарын жүргізуді көздейтін экспедиция Қазақ хандығының 550 жылдығына орай арнайы қолға алынған экспедициялық топ құрамын  аудан басшысы Л.Хайретдинов қарсылап алып, ауданымыздағы тарихи ескерткіштермен таныстырып, олардың тарихынан кең мағлұмат берді. Сондай-ақ күй алыптары Мәмен Мұратұлы мен Тұяқберберді Шәмелұлының кесенесіне арнайы барып, дұға қылған топ  кешкісін Орда ауылына аттанып кетті.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале