Астана қаласында қазақ күресінен 1997-1998 жылғы жастар арасында ҚР чемпионаты мәреге жетті.
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, қыздар арасында Лаура Есенжанова 63 келі, жігіттерден Нұрдәулет Жәрдемов 66 келі салмақта қола жүлдені иеленді. Балуандарды қазақ күресінен облыс құрамасының аға бапкерлері Асылгүл Шондыбаева мен Асқар Нұрғалиев жаттықтырады.