19.05.2015, 17:01
Оқылды: 42

Астанада инновациялық кластерді дамыту жөнінде

Innovation 18ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын әкімшілендіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ілияс Жанғаскиннің, «Астана Innovations» АҚ Басқармасының Төрағасы Әлтаир Уызбаевпен қатысуымен  «Астанада инновациялық кластерді дамыту» тақырыбына ММ брифинг өткізілді.

Инновациялық кластерлерді қалыптастыру және дамыту тікелей шетелдік инвестицияларды тарту және сыртқы экономикалық біріктіруді жандандырудың  тиімді тетігі болып табылады.

Осы мақсатта Астанада «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймақ жұмыс істеп жатыр. АЭА құру мақсаты- Астананың іскерлік орталығын жеделдетіп дамыту және  өңдеу өнеркәсібінде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістер құру.

Ілияс Жанғаскин атап көрсеткеніндей: «АЭА аумағына Астананың екі индустриялық паркі кіреді. Индустриялық парктер– бұл жеңілдікті салық және кеден  режимi белгіленген жаңа өнеркәсіптік аймақтар. Инвесторлар корпоративтік және табыс салығынан, мерзімі 10 жылға дейін учаскені жалға алу төлемақысынан, жер салығынан, мүлікке салынатын салықтан босатылды. Едәуір салықтық босаңсу инвестицияларды тарту мен өндірістерді қосу үшін АЭА аймағын және индустриялық парктерді тартымды етеді».

«Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының 2002 жылмен 2015 жылдар аралығында жұмыс істеген кезеңдерінде тартылған инвестициялардың көлемі екі триллионнан аса теңгені құрады. 2010 жылы барлығы 393,5 млрд теңге сомасына өнім шығарылды.

2013 жылы Астананы дамыту жөніндегі мәжілісте Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев Үкіметке және астаналық әкімдікке 2017 жылы Астананың әлемнің 50 «ақылды қалаларының» рейтингіне кіру мәселесін пысықтауды тапсырды.    Брифингте аталған тапсырманы іске асыру туралы және «Астана Innovations» АҚ компаниясының қызметі туралы  Басқарма төрағасы Әлтаир Уызбаев айтып берді.

Бұдан әрі, «Астана Innovations» АҚ қызметі туралы Басқарма төрағасы Әлтаир Уызбаев айтып берді. Компания өз қызметін негізгі үш бағытта жүргізеді: инновациялық стартаптерді қолдау, «Smart Astana» бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ Астана қаласының өмір-тіршілігін кешенді қамтамасыз ету жүйесін дамыту.

Ә.Уызбаев түсіндіріп өткендей, біріншіден, компания стартап-компанияларға оларды дамытудың бастапқы кезеңінде (орын-жайлар беру, бухгалтерлік есеп жүргізу, PR-маркетинг, инвестициялар тарту және т.б.) қаржылық және кеңес беру қызметтерін көрсетеді. Технологиялық бизнес-инкубациялау жобасын іске асыру шеңберінде бүгінгі таңда 16 инновациялық жоба іске асырылған, олардың ішінде көбісі нарыққа табысты шығып астананың бюджетін шамалап толтырып жатыр.

«Астана Innovations» келесі бағыты елорда өміріне инновациялық Smart технологияларын ендіру болып табылады. «Smart Astana» бағдарламасы шеңберінде Smart ЕРЦ, Smart мектеп, Smart емхана, Smart көлік, Smart автотұрақ, Smart ТКШ және Smart жарықтандыру сияқты жобаларды іске асыру жүргізіледі. Жобаларды іске асыру инвестициялық салымдарды тартумен жүргізіледі.

Компанияның үшінші бағыты - Астана қаласының «Өмір-тіршілігін кешенді қамтамасыз ету жүйесі» (ӨКҚЖ) бағдарламасын іске асыру. Жобаның мақсаты астананың тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздік деңгейін арттыру және қалада жол қозғалысы жүйесін жақсарту болып табылады.

 www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале