2.07.2015, 9:08
Оқылды: 25

Астанаға арналған ән шашу

Janakala Astana an shashu    Жаңақалада еліміздің бас қаласы Астана күніне орай мәдени демалыс орталығы іс-шаралар жоспарын бекітіп, дайындық жұмыстарына кірісіп те кетті. 1-6 шілде аралығында «Астана менің жүрегімде» атты әндер топтамасы жолдануда. Шараның мақсаты – әр жылдарда Елордамыз Астанаға арналған үздік әндердің топтамасын жұртшылық назарына ұсыну, отандық компазиторлардың шығармашылықтарын насихаттау, бас қаламызды әсем әнге бөлеген әртістеріміздің өнерін көпшілікке таныту.

Тыңдармандарға А.Жорабаеваның орындауындағы «Елімнің жүрегі - Астана», Р.Рымбаеваның репертуарынан «Туған ел», «Жігіттер» квартетінің ән қоржынындағы «Арман қала», М.Арапбаеваның «Астана аспаны» әндерімен қатар жерлесіміз Ербол Ақбасовтың «Ару Астана» әндерінен шашу шашатын болады.

Шараны мәдени демалыс орталығының дыбыс режиссері Бауыржан Ермекқалиұлы аудан орталығының тұрғындары мен қонақтарына тарту етіп отырады.

www.zhaikpress.kz

Қазбек ӘЛМҰҚАНОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале