9.06.2015, 15:55
Оқылды: 15

Астанаға жолдама алды

GCEEMp_LquEОрал қаласында өткен «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінде сырымдық Кенжебаевтар отбасы жеңімпаз атанды.

Жанұяның отағасы Жасқайрат Кенжебаев ауданымызға мәдениет қызметкері ретінде белгілі. Күні бүгін Жетікөл ауылдық округінің клубында қызмет атқарады.

Жеңімпаз отбасыларды облыс әкімі Нұрлан Ноғаев марапаттады. 26 бірдей жанұяның арасынан үздік шыққан Кенжебаевтар шаңырағы Астана қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале