15.09.2016, 16:22
Оқылды: 29

Астанаға сапарға шықпақ

karatobe-astana  17 қыркүйек күні елордасы Астана қаласындағы Оқушылар сарайының алаңында БҚО ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылатындығы белгілі.

Елорда төріндегі Батыс Қазақстан облысы күндері аясындағы аталмыш жәрмеңкеге батысқазақстандықтар ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізіп, елордалықтарға қолжетімді бағамен сауда-саттыққа шығармақ.


Жәрмеңке жұмыстарын ұйымдастыру шараларына қаратөбеліктер де үлес қосып отыр.

Қаратөбе аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Есенжол Ғабдыраштың айтуынша, елордасы Астанаға ауданнан 1 тонна 256 келі ет, оның ішінде 810 келі жылқы еті (қалғаны сиыр еті) жөнелтілді.

Астана қаласына баратын аудан делегациясы құрамын аудан әкімі Асхат Шахаров бастап барады.

Делегация құрамында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Ермекқалиев, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Еркінбек Жәнібеков, ардагер Жүсіп Мәтжанов, аудан әкімінің орынбасары Рашит Иманғалиев, Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Ғалымгерей Қайырғалиев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Абат Көбенов т.б. бар.

 

Ертай БИМҰХАНОВ

Батыс Қазақстан облысы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале