26.06.2016, 17:35
Оқылды: 26

Астана күнінде Бөрлі ауылында жаңа балаба­қша ашылады

IMG-20160626-WA0183Бүгін облыс əкімі Алтай Көлгінов Бөрлі ауылында жаңадан салынған "Ақсұңқар" балабақшасында болды. Құрылысы биыл аяқталған бұл нысан жақында­ пайдалануға беріледі. Яғни, Астана күнін­де бөбекжай есігі кішкентай тұрғындарға айқара ашыл­мақ.


- 140 баланы қабылдаймыз. Оларды 6 топқа ­бөлеміз. Қазір ауылда мектеп жасына дейін­гі 254 бала бар. Ал бұрыннан қызмет ететі­н "Арман" балабақшасында 50 бөбек тəрбиелен­уде, - деді "Ақсұңқар" балабақшасының мең­герушісі Жазира Бектаева.
Жаңа нысанда 44 бос жұмыс орны бар екен. ­Облыс əкімі жұмысқа жергілікті мамандарды­ қамту қажеттігін айтып, аудан əкімі Алдияр Халеловке құрылыс жобасында жылыту жүй­есі ескерілмей қалған бір бөлмеге газ құб­ырын тарту жұмысын қолға алуды тапсырды.
Айта кетейік, балабақшаны салуға ҚПО б.в­. компаниясы 484 млн. теңге бөлген. Бас ­мердігер - "Назтур" ЖШС.

www.zhaikpress.kz

Нұртай Текебаев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале