6.07.2016, 11:03
Оқылды: 22

Астана күніне арналды

Screenshot_2016-07-06-22-01-12-1Ажарымен әлемге аян Астана күніне орай Сырым саябағында «Асқақтай бер, алтын тұғыр Астана!» атты мерекелік шара өтті.


Аудан әкімі Абат Шыныбеков сырымдықтарды Астана күнімен құттықтады. Бас қаланың туған күніне орай 16 жасқа толып, алғаш жеке куәлік алған Әлішер Сатанғалиев, Алма Оразбаева, Әйгерім Есендәулетоваларға куәліктерін салтанатты түрде табыс етті.
Screenshot_2016-07-06-22-00-48-1«Айналайын» би ансамблі «Шашу» биімен мерекелік концерттің шымылдығын түрді. Аудандық Мәдениет үйінің көркемөнерпаздары ән-билерімен шараның шырайын келтіре түсті. Т.Есмұханов, С.Сарғозиев, К.Мұхамедовтардан құралған баяншылар триосы «Күн дидарлы Қазақстан» әнін орындады. «Айналайын» би тобы флешмоб билеп, А.Жұма А.Сисенова, Г.Қуанышқалиева, Г.Опағалиевалар квартет болып «Нұр Астана» әнін асқақтата шырқады.
Screenshot_2016-07-06-22-02-04-1Еңселі Елорданың төл мерекесіне арналған жас суретшілер байқауында алты сурет үздік деп танылып, жас қылқалам шеберлеріне «Сырым жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асхат Серік сый-сияпат жасады.

www.zhaikpress.kz

Шынар Молданиязова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале