5.07.2016, 17:10
Оқылды: 34

Астана күніне арналған спорттық жарыс

Астана күнінеБүгін Қаратөбе ауданында Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында және Елордасы Астана күніне орай шағын футболдан аудан біріншілігі өтуде.


Алты алаштың бас қаласы Астана күнін атап өтуге арналған спорттық шараның ашылу салтанатында алдымен мемлекеттік Әнұран орындалды.

Жарысқа қатысушы спортшыларды айшықты мереке Астана күнімен құттықтап, сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақов ойын барысына сәттілік тіледі.

«Қаратөбе» спорт клубының ұйымдастыруымен өтіп жатырған аудан біріншілігі 10 команда арасында тартысты өтуде.

www.zhaikpress.kz
Серікбай ХАСАНОВ
Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале