3.07.2015, 13:16
Оқылды: 20

Астана күніне орай Жымпитыдағы дене шынықтыру – сауықтыру кешенінде волейболдан ерлер арасында аудандық ашық турнир өтті

Sirim voleibol  Астана күніне орай Жымпитыдағы жаңадан ашылған дене шынықтыру – сауықтыру кешенінде волейболдан ерлер арасында аудандық ашық турнир өтті. Турнир қатысушыларын жарыстың басталуымен Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Батыс Қазақстан облыстық волейбол федерациясының президенті Арман Өтеғұлов құттықтады.

Ашық турнирге Сырым ауданының құрамасынан бөлек Ақжайық ауданы , Бөрлі ауданы, Жанақала ауданы, Жәнібек ауданы Зеленов ауданы, Қаратөбе ауданы, Қазталов ауданы, Теректі ауданы және Бөрлі аудандарының командалары қатысты.

Сайыс қорытындысы бойынша Зеленов ауданының құрамасы турнир жеңімпазы атанды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді аудан әкімі Абат Шыныбеков марапаттады.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале