7.07.2016, 17:09
Оқылды: 28

Астана күніне тарту

Janakala Astana kynine tartuЖаңақала ауданындағы Достық алаңында Астана күніне орай «Жасай бер Астана» атты мерекелік концерт өтті.


 

Аталмыш мерекелік концерт салтанатты түрде бас қаламыз Астанаға арналған әндердің орындалуымен ерекшеленді. Концерт барысында аудандық мәдени демалыс орталығының әншісі Меңдіғали Сұпашев «Астана кеші» әнін тамлжыта орындаса, аудандық мәдени демалы орталығы жанындағы «Гүлдәурен» үлгілі би ансамблі «Қазақ биін» тарту етті. Қуанышбек Айдарбеков, Жанар Шуйкина, Мерей Жұмашевтың орындауындағы басқаланың рухын  асқақтатқан әсем әуендер аудан тұрғындарын айрықша тебіреністі күйге бөледі. Ал жас әншілер Асланбек Мәженов, Ислам Тілекешов, Айсезім Жақсыбаевалар да бас қаланы жырға қосып, әсем дауыстарымен көпшілікті баурап алды.  Сондай-ақ кеш барысында Астана күні дүниеге келген аудан тұрғындары мен аудан қонақтары, сондай-ақ Астана қаласының тұрғындары мерекелік тілектерін жолдап, естелік сыйлықтарға ие болды. Кешке жиналғандар әсем әнге елітіп, би алаңынан табылды.

Астана күніне орай Қамыс Самарда өткен мерекелік бағдарламалар мазмұны барлық саланы қамтыды. Бұл күні мәдени, спорттық-бұқаралық шаралар кеңінен қарас­тырылды. Салауатты өмір салтын ұстанған аудан жастары Достық алаңында арқан тартыс, гір тасын көтеруден жарысып, мықтыларды анықтады. Сонымен қатар алаңда сауда жәрмеңкесі қызып, грузиннің кәуабынан дәм татқан аудан тұрғындары уақыттарын көңілді өткізді. Осылайша Астана рухын асқақтатып, аудан тұрғындарын бір серпілткен мерекелік кеш жоғары көңіл күй өрлеуінде өз мәресіне жетті.

Меркелік отшашудан соң жастар жазғы кинотеатрдан «Астана менің жүрегімде» атты киноны тамашалады.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале