6.07.2016, 16:17
Оқылды: 22

Астана күні асқақтап өтті

Screenshot_2016-07-06-23-53-23-1Астана күніне орай аудандық Мәдениет үйінде мерекелік концерт оздырылды. Айтулы күнді барша қауым ерекше көңіл-күймен, үлкен қуанышпен өткізді.


Алғашқы сөз кезегі аудан әкімі Наурызбай Қарағойшинге беріліп, ол ауыл халқын аталмыш мерекемен құттықтады. Сонымен қатар сан салада еселі еңбек етіп жүрген Гүлзада Мақсотова, Елдос Сағадатов, Бағдат Әбдірешев, Мұхтар Қарабалиев, Қанат Ералиев сынды бірқатар қызметкерлер аудан басшысының алғыс хатымен марапатталса, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Дәулеткерей Құсайыновтың алғыс хаты Жақсылық Бисенғалиевке табысталды.

Бүгінгі мерекеде «Нұр Отан» партиясы қатарына қабылданушы Азат Қаратай, Данияр Оспан, Гүлден Бекбауоваларға куәлік табыс етілді.

Марапаттау рәсімінен кейін айтулы мереке Мәдениет үйі қызметкерлерінің концертіне ұласты.

www.zhaikpress.kz

Арайлым РАШИТҚЫЗЫ
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале