5.07.2016, 15:33
Оқылды: 37

Астана күні мерекеленді  

АстанаАстана күніне орай Қаратөбе аудандық Мәдениет үйінде  Елордамыздың 18 жылдығына арналған мерекелік салтанатты шара оздырылды.


Салтанатты шарада аудан халқын мерекемен құттықтаған аудан әкіміАсхат Шахаров, ардагер ұстаз Халық Наурзалин барша қаратөбеліктерге толайым табыс, береке-бірлік тіледі.

Келбетті де келісті, сәулетті де сымбатты Елордаға қарап бой түзеген қала-ауылдардың қатарынан Қаратөбе өлкесінің де орын алуына ниеттес ағайындар мерекеде әсем ән тыңдап, бір серпіліп қалды.

Бас қаланың күніне орай аудан басшысы табыс еткен құттықтау хатқа ие болған жандардың қуанышында шек болмады. Марапатталғандардың қатарында «Аталық» шаруа қожалығының жетекшісі Малабай Мырзағұлов, «Нұртөре» шаруа қожалығының жетекшісі Талғат Қуанышкереев, «Талапкер» шаруа қожалығының жетекшісі Айбек Қазиев және бір қатар азамат, азаматшалары бар.

www.zhaikpress.kz
Серікбай ХАСАНОВ
Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале