7.07.2015, 9:27
Оқылды: 22

Астана күні мерекесінде «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында оралдықтар жаңа баспана иеленді

Kvartir04    Астана күніндегі мерей жаңа пәтер кілтін иеленген тұрғындар қуанышына ұласты. Орал қаласының Зашаған кентінде «Өңірлерді дамыту - 2020» бағдарламасы ауқымында 9 қабатты үш тұрғын үй бой көтерген-ді. Кезек күттірген баспана мәселесі «Тұрғынүйқұрылысжинақ» банкінің салымшылары үшін де оң шешімін тапты. Енді, міне, 396 отбасы қоныс той кәдесін жасамақ.

– Елбасы тапсырмасына сәйкес өңірімізде құрылыс саласында атқарылып жатқан қызмет жемісі өнімді, – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов мерекеге орай өз лебізін жеткізген соң. –  Соңғы үш жылдың ішінде 13 көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілсе, қазір 7 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұл  еліміздің өркендеуіне оң үлес деп есептеймін. Жаңа баспанаға қол жеткізген жерлестерімізді құттықтаймын.

Облыс әкімінің орынбасары Арман Өтеғұлов пен Орал қаласының басшысы Алтай Көлгінов тұрғындарға пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстады. Қала басшысы өз кезегінде құрылыс мердігерлері «СВ Плюс» және «СКФ» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің жетекшілері  Сәбит Өтебалиев пен Валентина Михноға тұрғындар атынан ризашылығын білдірді.

www.zhaikpress.kz

Нұртай ТЕКЕБАЕВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале