18.10.2016, 11:12
Оқылды: 49

Астық арзандай ма?

%d0%b0%d1%81%d1%82%d1%8b%d2%9b-%d0%b0%d1%80%d0%b7%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d0%b0%d0%b9-%d0%bc%d0%b0  Еліміз үшін биыл жемісті жыл. Миллиард пұт астық алдық. Бункерлік салмақпен алғанда егістіктен 23,1 миллион тонна астық жиналды. Бұл ел тәуелсіздігінің жылдары ішіндегі ең рекордты көрсеткіш болып табылып отыр. Ғалымдардың айтуынша, болашақта еліміз астық өндіруден ең алдыңғы қатарда тұрады деп болжануда. 2020 жылы Қазақстандағы астық өндірісінің көлемі 40 пайызға өспекші.


  Облысымызда егін бітік шығып, дихандар қуанышқа бөленді. Мол өнім жиналып отырғанда астықтың құны арзандай ма?

    Көріп жүргеніміздей, 50 келілік астық дүкендерде «шамаң жетсе, алып көр» дегендей құны 5300-ден 6000-ға дейін барады. Ал, бір бөлке нан 120 теңге тұрады. Нан бағасының осындай қымбаттауы салдарынан кейбір үлкен отбасылар қиындыққа душар болып жатқанын көріп-біліп жүрміз. Мәселен, 5-7 баласы бар отбасына күніне кем дегенде 3-4 бөлке нан қажет етіледі. Осының  шығынын айға есептесек, тек 11000-дай теңге нанға жұмсалады. Жанұяға наннан басқа да тағам өнімдері керек қой. Қанттың құны 1 келісі 300 теңгеге жуықтады. Шағу майдың құны 2000-нан кем емес. Сондай-ақ шәйдің 1 қорапшасы 700 теңгеден кем емес. Қазақпыз ғой. Неше түрлі үндінің этикеткасын жапсырып қойған шәйді таңертеңнен кешке шейін «тартпай» отыра алмайтынымыз тағы бар. Міне, осындай күнделікті ең қажетті қолданылатын азық-түліктің бағасы шарықтап тұрғанда үлкен отбасылар алаңсыз тұрмыс құрып жатыр деп айта аламыз ба?

   Дінмұхамед Қонаев Оралға келгенде өңір басшыларына: «Астықтан мол өнім жинадыңдар. Жоспар-жоспар деп астықтың бәрін Мәскеуге жөнелту мақсаты тұрмасын. Халықтың дастарханы нанға толып тұрсын», -деген екен.

    Ал, биыл исі аңқыған бөлке нандар дастарханымызға тола ма? «Пәленше пұт астық жинадық!» деп ұрандатып жатқанда, астықтың құнын неге арзандатпасқа?!.

Мөлдір ӘНУАРБЕК

Қазталов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале