2.06.2016, 11:50
Оқылды: 1875

Асфальтқа сурет салу байқауы ұйымдастырылды

Asfaltka suret salu      2016 жылдың 31 мамырында Орал қ. ІІБ-нің ауласында 1-маусым балаларды қорғау күніне орай Орал қ. ІІБ мен «Динамо» дене шынықтыру қоғамының бірлесіп ұйымдастырумен асфальтқа сурет салу байқауы ұйымдастырылды.


   Шараны өткізудің мақсаты мен міндеті салауатты өмір салтын насихаттау, басқарма қызметкерлерінің отбасын басқарманың қоғамдық өміріне араластыру, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру, жаман әдеттердің алдын алу, сонымен қатар қызметкерлер мен олардың отбасыларының мәдени және белсенді демалысты ұйымдастыруымен тәжірибе алмасу.

   Шараға Орал қ. ІІБ қызметкерлерінің әртүрлі жастағы балалары қатысты. Сайыстың бас төрешісі басқарманың әйелдер кеңесінің төрайымы Орал қ.ІІБ ААб бастығы полиция подполковнигі Г.Қаташева кішкентай  қатысушыларды мерекелерімен құттықтап, сайыста сәттілік тіледі.  Оларға түрлі тақырыптарда, яғни «Менің әкем полицей», «Әкем, анам және мен -біз бақытты отбасы!», «Әрқашан күн сөнбесін!» және «Менің Отаным – Қазақстан!» тақырыптарында суреттер салу ұсынылды. Бәріне түрлі-түсті бор таратылып берілді. Өздеріне берілген тапсырмаларды тез әрі әдемі етіп орындауға тырысқан балалар, барын салып түрлі суреттер салып шықты. Мысалы, Орал қ. ІІБ Кб бастығы полиция майоры М.Абдулов жұбайы екеуі сурет салып жатқан 6, 7 жастағы екі баласына көмектесіп, өздерінің отбасының, үйінің суретін әдемі, ұқыпты, бар жағынан ойластырып салып шықты. Сонымен қатар,  6 жасар Карина мен 5 жасар Саян «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбына суреттер салды. Ашық көк түспен аспанды бейнелесе, сары түспен жарқырап нұрын төккен күнді бейнелеп шықты. Еліміздің бас қаласы – Астанада орналасқан «Бәйтеректі де» салуды ұмытпады. Шараға қатысқан 15 баланың барлығы да барынша ат салысып, бірі отбасын бейнелесе, келесісі Отан тақырыбындағы сурет салды. Бірі бейбітшіліктің белгісі көгершін сурет салды.

   Сайыс соңында әділқазы мүшелері полиция майорлары А.Қалиева мен Д.Баймұқашева балалардың салған суреттерін қарап шығып, өз бағаларын берді. Барлық қатысушыларға сыйлықтар үйлестіріп, алғыстарын білдірді.

www.zhaikpress.kz

Орал қ. ІІБ баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале