8.09.2015, 19:59
Оқылды: 27

Асығыстық апатқа ұрындырды

Avaria  Орал-Атырау тас жолымен оңтүстікке бағытқа жүйткіген «Ауди А-6» көлігінің жүргізушісі 1992 жылы туылған Қазталов ауданы Қараөзен ауылының тұрғыны Ж.Ғаббасов тиісті арақашықтықты сақтау ережесін бұзу арқылы жол-көлік оқиғасына ұрынған. Алдыңғы көлікпен арақашықтығын сақтамаған ол Бөкей ордасы ауданы Сайхын ауылының тұрғыны 1950 жылы туған С. Хайровтың көлігіне соғылған. Арттан болған соққының салдарынан төңкеріліп қалған көліктің рөлінде болған С.Хайров ауыр жарақат алып облыстық ауруханаға жүгінген. Аударылған көлікте болған жолаушы 1954 жылы туған Сайхын ауылының тұрғыны М.Хайрова да айтарлықтай дене жарақатымен облыстық аурухананың хирургия бөліміне жеткізілген.

Зеленов аудандық ішкі істер бөлімінің мәліметінше жүргізуші Ж.Ғаббасовтың кінәлі екендігі дәлелденген. Тергеу амалдары жалғасуда.

www.zhaikpress.kz

Нұржан Дүзбатыр

Зеленов ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале