20.08.2015, 17:42
Оқылды: 17

Асығыс әрі негізсіз өсіріп жіберген ақша айырбастау нүктелеріне шара қолданылады

СатыбалдинаБұл туралы «Қазақстан-Орал» телеарнасында өткен арнайы брифингте ҚР «Ұлттық банкі» БҚОФ директоры Ғалия Сатыбалдина мәлімдеді:

-ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов валюта бағамын асығыс әрі негізсіз өсіріп жіберген ақша айырбастау нүктелеріне шара қолданылатындығын мәлімдеді. Жағдай Ұлттық банктің мониторингтік бақылауында. Облыста 123 ақша айырбастау пункті бар. Олардың 79-ы банктерде орналасқан, 43-і жеке меншік нүктелер. Әрине, шектен шығып, өрескел бағам белгілеген қаржы ұйымдары заң аясында жауапкершілікке тартылады. Соның ішінде жұмыс істеуге құқық беретін лицензиялар кері қайтарып алынуы ғажап емес.

www.zhaikpress.kz
Тоқтар Кенжеғалиев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале