6.07.2016, 15:15
Оқылды: 34

"АСҚАҚТАЙ БЕР, АСТАНА!"

Screenshot_2016-07-06-23-29-43-1Казталов ауданы орталығындағы "Достық" саябағында Елордамыз Астана күніне арналған "Асқақтай бер Астана!" атты мерекелік шара оздырылды.


Screenshot_2016-07-06-23-31-19-1Мерекелік шарада сөз алған аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр барша аудан тұрғындарын осы айтулы мерекемен құттықтап, "Ынтымағы жарасқан Тәуелсіз Қазақстанның болашағы жасай берсін! Елордамыз Астана көркейе берсін! - деген тілегін жеткізді.
Screenshot_2016-07-06-23-28-53-1Мерекелік шараға жиналған аудан тұрғындарына Мәдениет үйінің көркемөнерпаздары дайындаған ән шашуы тарту етілді.
Астана мерекесіне орай аудан жастарының Тәуелсіз Қазақстанның басты символы ретінде Астана феноменін танымал етуді көздейтін Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған 25 аутокөліктен тұратын аутошеруі ұйымдастырылды.
Аутошеру "Достық" саябағынан бастама алып, аудан орталығының Шарафутдинов, Құрманғазы, Сауанов, Ихсанов, Х.Жақыпов, Тәуелсіздік, Сейфуллин көшелерімен жүріп өтіп, ат басын жаңадан ашылғалы отырған "Қайрат" шағын футбол алаңына тіреді. Аутошерудің жүріп өткен жолы 4 шақырым қашықтықты құрады.

www.zhaikpress.kz

Қайрат ЖАҚЫП

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале