31.08.2015, 19:36
Оқылды: 31

«Ата заң тұрақтылықпен татулықтың теңдесіз тірегі»

Sirim zan dinСырым ауданы орталығында ЖББ Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің акт залында аудандық Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ҚР Конститутциясының 20 жылдығына орай «Ата заң тұрақтылықпен татулықтың теңдесіз тірегі» тақырыбындағы аудандық конференция өтті.

Конференцияны аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Т.Даргужиев жүргізді, Жиынға аудан жастары, округ әкімдері, ауылдық округтердегі ақсақалдар ұйымдарының жетекшілері қатысты. Конференцияның күн тәртібі бойынша жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы м.а Д.Тайшиев, Жосалы ауылдық мешітінің имамы С.Сарсенов баяндама оқыса, жарыссөзге "Сырым жастары" ЖҚБ төрағасы А.Байбулат, "Сырым елі" қоғамдық саяси газетінің тілшісі Ш.Молданиязова, Елтай ауылдық округінің ақсақалдер кеңесінің төрағасы С.Укеев шығып өз ойларымен пікірлерін ортаға салды. Және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының теолог маманы Б.Акташев сөз сөйлеп өзінің жұмыс барысымен және алдағы уақыттағы жоспарларымен таныстырды, Конференцияны ішкі саясат бөлімінің басшысы Т.Даргужиев қорытындылады.

 www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале