16.05.2016, 18:20
Оқылды: 31

Ата кәсіпті игеріп, сәйгүліктерді баптаған

KAztalov ata kasipti igerip   Бүгінгі таңда ауданымызда атакәсіп жылқы малын өсірумен айналысатын азаматтардың қатары жылдын-жылға артып келеді. Киелі де текті жануарарды бағудың өзі үлкен бір шаруа. Осыдан бір жыл бұрын көктеректік Анарбек Жайлаубаев жетекшілік ететін "Төлеген" шаруа қожалығы туралы газет бетіне жариялаған болатынбыз.


     15 мамыр күні тағы да осы азаматтың Сарыөзен бойында орналасқан Көктіккен қыстағына барудың сәті түсті. Қыстақта орналасқан үй-жайды айтпағанда мал тұратын қоралардың заманауи бағытта салынғанын көрдік. Соның бір айғағы ауданымызда бірінші рет салынып отырған жылқыға арналған атқорасы. Кең де жарық етіп арнайы салынған бұл атқораның ішіне кірсеңіз жаратуы мен бабы келіскен сәйгүліктерді көріп еріксіз таңдай қағасыз. Бұл арғымақтардың бағасы да қомақты. Анарбек ағамызды әңгімеге тартық.- Бұл жылқылар қанды ағылшын, арап тұқымдары. Көп күтімді қажет етеді. Арғымақтардың күйінің келуіне тұрған орны, жейтін жем-шөбі де сапалы болуға тиіс. Сондықтан арнайы атқора салдық.-деп әңгімесін түйіндеді ағамыз. Расымен Анарбек Жайлаубаевтың баптаған сәйгүліктері былтырғы, биылғы бәйгелерде үздіктер қатарынан табылып жүр. Ата кәсіпті игеріп, ата-бабамыздың тектілігін бойына сіңіріе білген Анарбек сынды ауыл азаматтарын көріп риза боласың. Кәсібі қарыштап дами берсін деген тілекпен қоштастық.

 www.zhaikpress.kz

Қайрат ЖАҚЫП

 Қазталов  ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале