28.04.2016, 10:52
Оқылды: 22

Атылмайтын қарудың өзіне 20 мың теңге көлемінде сыйақы бар

 Shingirlau jaramsiz jarakka    Шыңғырлауда аудан әкімінің қатысуымен жаз айларында көшелер тазалығын ұйымдастыру туралы мәселелерді таразылаған тұрғындармен кездесу жиыны өтті. Жиында бүгінгі күнге дейін күн тәртібінен түспей отырған көшелер тазалығы, қоқыс тастауды тоқтатпай отырған тұрғындар тәртібі кең талқыланды.


     Мұқият өткізілген сенбіліктерден кейін көше тазалығын сақтаудың кесте бойынша көшелер аралатып, қоқыс жинап, шығаратын көлік жүргізу тәсілін ұсынған аудан басшылығы тұрғындарға осы тұрғыда мағлұмат берді. Қоқыс жинайтын көліктің кесте бойынша жүріп өтетін көшесі, уақыты түсіндірілді. Жиналғандар бұл ұсынысты толық қолдап, тазалықты сақтаудың тиімді әдісі деп бағалады. Жергілікті полиция инспекторы Б.Елесбаев және учаскелік полиция инспекторы И.Кива қоғамдық тәртіп, соның ішінде көшеде дұрыс-жүріп-тұру, ластамау тәртібін екшей келе, бүгінгі таңда құқыққорғау органдарында жүріп жатқан тіркелмеген қару-жарақтарды тапсыру акциясына қатысуға шақырды.

     «Бұл үшін мемлекеттен сыйақы да беріледі, яғни, тапсырылған қару-жарақ облыстық арнайы сараптау орталығына жіберіледі, жарамдылық деңгейі тексеріліп, оған төленетін сыйақы мөлшері белгіленеді. Ал, сыйақы мөлшері шыныда да ауқымды. Нақты айтар болсам, атылмайтын қарудың өзіне 20 мың теңге көлемінде сыйақы бар»,- деп түсіндіріп өтті И.Кива

     Жиында бұдан да басқа жол жиегіндегі тротуарлар жайы, ауыз суды үнемдеу және техникалық судың төлемдері, көшелерге шаруашылық суы құбырларын тартуды жалғастыру мәселелері сөз болды.

www.zhaikpress.kz

Қаршыға Елемесов

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале