28.10.2015, 12:05
Оқылды: 26

Атыраудан жеткен құнды дүниелер

муражай (1)Ақжайық ауданындағы Атамекен ауылынан оқытушы Жәнібек Әбілпейісов жасақтаған мұражай тағы да екі құнды дүниемен толықты. Мұражайға оның байырғы танысы, атыраулық «Ағатай» спорт клубының жетекшісі, мұнай саласының мықты мамандарының бірі Мұрат Ғабдусалимов өз қолымен жасаған, яғни, ата-бабаларымыздың ежелгі қаруы садақ пен айбалта әкеліп берді.

Осы сыйды табыстауға арналған кездесу ауыл клубында өтті. Оған тұрғындар, мектеп оқушылары, аудандық туризим және экология орталығының маманы Зейнолла Нұрмұхамбетов, Қазақстан Ақын-жыршылар одағының мүшесі Сағынтай Бисенғалиев қатысты.

Елімізде Қазақ хандығының 550 жылдығы аталып жатқан тұста  мұндай кездесудің тәрбиелік мәні зор, мазмұны кең болары сөзсіз. Себебі, уақыт өткен сайын сонау заманның дүниелерін, қадірлі заттарын жинаудың, сақтаудың орны орасан.

муражайҚазақ сарбаздары, сардарлары ұстанған айбалта, қылыш, садақ, найза, қалқан, жаугершілікте киетін сауыт, дулыға, кіреукелерді өзі жасаумен айналысатын Мұрат әңгіме барысында ертедегілер пайдаланған, киген киім мен соғыста қолданған қару-жарақтарының түрлеріне тоқталды. Соларды киіп, небір айқастардағы қару-жарақты, солардың үлгілерін асынып көрсетті. Бұларға жеке-жеке тоқталып, қандай жағдайда пайдаланғандығын қызықты баяндады. Мысалы, садақты қалай оқтау керек, ат үстінде және жерде қалай қолдануға болатындығына тоқталды. Тіпті далаға шығып, садақты атып көрсетті. Бірен-саран оқушыларға садақ атқызды. Мұның өзі балалардың шексіз қызығушылығын туғызды.

Тағылымды кездесуде атыраулық қонаққа көптеген сұрақ болып, жауап қайтарылды.

www.zhaikpress.kz

Тілес ЖАЗЫҚБАЙ

Ақжайық ауданы

Суреттерді түсірген

Нұрбек ИХСАН

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале