27.04.2016, 15:26
Оқылды: 21

Атыраудан жеңіспен...

Karatobe Atirau     Атырау қаласында 2003-2005 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Кеңестер одағының спорт шебері,  Қазақстан Республикасының спорт саласының құрметті ардагері Бақытжан Рахбиевтің жүлдесі үшін  еркін күрестен халықаралық  турнирге ауданымыздың өрендері қатысып, бақтарын сынап келді.

     Додаға Өзбекстан, Ресей, Дағыстан, Калманский және  Қазақстанның барлық облыстарынан келген балуандар боз кілемге шығып, жеңіс үшін барлық тактиканы қолданып бақты.


    Жарыс барысында жерлесіміз  үшінші орынға  талас барысында Дағыстаннан келген балуанды тізе бүктірді.  Осылайша, айқын басымдылықпен 38  келі салмақта ІІІ орынға Нұрәділ Қабекенов қол жеткізді.

     Үлкен халықаралық жарысқа баруға аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Дулат Қоламанов қаражат жағынан қолдау көрсеткені үшін алғыстарын білдіреді. Аталмыш мектептің аттықтырушысы Әділ  Төреғалиев болса, үлкен  додаға алғаш рет қатысқан  шәкірттерінен  әлі талай жеңіс тұғырын  көрінетініне сенім артып отыр.

www.zhaikpress.kz

Тоты АСҚАРҚЫЗЫ

Қаратөбе аудны

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале