27.05.2015, 16:48
Оқылды: 26

Атырау сахнасынан бас жүлдемен оралды

Atirau sakinasinan bas jyldemen oraldi   Атырауда «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мекес Төрешев атындағы «Көрінген сонадайдан Нарын еді...» атты І Республикалық дәстүрлі әншілер байқауы өтті.

Оған облысымыздың Ақжайық ауданынан мәдениет қызметкері (Жамбыл ауылдық округінің Үштөбе елдімекенінен) Данияр Елеуов қатысып, бас жүлде алып келді. Байқауға Астана, Алматы, Маңғыстау, Орал, Атырау, т.б. облыстардан 22 конкурсант барды. Өрге жүзген өнерімен ақжайықтықтардың мақтанышына айналған Данияр ІІ кезеңнен тұрған бұл шарада әйгілі Мұхит, Ғарифолла шығармаларын және халық әндерін – 8 ән, терме орындап, қалың тыңдарман қауымының биік талғамынан, талабынан шықты.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале