12.10.2015, 9:00
Оқылды: 13

Аудандағы діни ахуал бірқалыпты

Taskala audanda dini ahual   Тасқала  аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі аудандық кеңестің  отырысы өтті.

Оған аудан әкімінің м.а Л.Жұбанышқалиева мен аудандық мәслихат хатшысы С.Рахимов, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Ғазез, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті БҚО департаментінің Тасқала ауданы бойынша маманы Т.Искаков пен  ауылдық  округ  әкімдері  мен кеңес мүшелері қатысты.

Кеңес жұмысын аудан әкімінің м.а Л.Жұбанышқалиева ашып, жүргізді. Күн тәртібінде Тасқала аудандық ішкі істер бөлімінің конфессияаралық және ұлтаралық қарым-қатынас  саласында Қазақстан Республикасы заңнпмасының құқық бұзушылықты болдырмау, діни экстремизм және лаңкестік фактілерін алдын-ала  болжау бойынша  өткізілген шұғыл-профилактикалық іс-шаралар жөнінде Тасқала акудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция майоры А.Сары баяндама жасап атқарылған істерге тоқталды.

www.zhaikpress.kz

Назгүл Серікқызы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале