25.11.2015, 17:51
Оқылды: 51

Аудандық ардагерлер кеңесінің есеп беру-сайлау конференциясы болды

Janakala ardagerler kenesi  Жаңақала аудандық ардагерлер кеңесінің есеп беру-сайлау конференциясы аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өтті. Конференцияны аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Шапиқов ашып, ардагерлер кеңесінің жыл ішінде атқарған жұмысы туралы баяндама жасады. Баяндамада қоғамдық ұйым алдында тұрған өзекті мәселелер талқыланып, ауданның әлеуметтік экономикалықдамуы жан-жақты көрініс тапты.


 

Конференцияға БҚО ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы Ғибатолла Тілебалиев қатысып, облыстық ардагер кеңесінің жұмысына тоқталып, алда атқарылар міндеттерді жүзеге асырудағы нақты жұмыстарын ортаға салды.

Конференцияда аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып М.Шапиқов, сонай-ақ облыстық ардагерлер кеңесінің конференциясына қатысатын 21 делегат анықталды. Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары А.Шүкірғалиева қазыналы қарияларға тілегін арнап, қоғамдық ұйымдармен жұмыс жасауда ерекше көзге түскен Мәстексай ауылдық округі әкімі С.Мұхамбетжановаға, Қызылоба ауылдық округі әкімі А. Ахметовке, Көпжасар ауылдық округі әкімі С.Боранбаевқа және ардагерлер кеңесінің жұмысын үздік ұйымдастырып жүрген осы ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағалары Т.Сапарғазевке, Т.Масатовқа, А.Салауатовқа Алғысхат табыстады.БҚО ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы Ғибатолла Тілебалиев Н.Мақановты облыстық ардагерлер кеңесінің атынан мерейлі 75 жасымен құттықтап, Алғысхат табыстады.

Ардагерлер аудандық ардагерлер ұйымының атқарған жұмысына «қанағаттанарлық»деп баға беріп, арнайы қаулы қабылдады.

www.zhaikpress.kz

Жаңақала ауданы

Н.ЕСЕТОВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале