29.06.2016, 9:24
Оқылды: 20

Аудандық депутаттық фракция отырысы оздырылды

frakciyaҚаратөбенің аудандық «Нұр Отан» партиясының залында аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдар өкілдері, белсенді жастардың қатысуымен депутаттық фракция өтті.


Отырысты Қаратөбе ауданының депутаттық фракцияның төрағасы Нұрлан Оразов жүргізіп отырды.

«Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын және «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» –  Ұлт Жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды.  Сол себепті аудандық мәслихат жанындағы депутаттық фракция тақырыбы «Мәңгілік Ел –  еліміздің жарқын болашағы» бойынша өрбіді.

Күн тәртібіне сай «Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Жақанұлының  баяндамасы тыңдалды. «Мәңгілік ел» идеясы – еліміздің өз  мақсатына талай дәуір сынынан сүрінбей жеткізетін тұғырлы идея. Ол дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Елбасымыз әр Жолдауларында халықтың жағдайын бір сәтке де ұмытқан емес. Күні бүгінге дейін айтылған міндеттердің бәрі жыл өткен сайын бірте-бірте орындалу үстінде. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына аяқ басқан егеменді еліміз бүгін жаңа экономикалық өрлеу жолында. Еліміздің мұратына айналған «Мәңгілік ел» идеясы – халықтың әл-ауқатын жақсартып, ынтымағын арттыратын, елді дамудың жаңа сатысына жетелейтін жаңа қадам  екенін нақты түсіндіріп өтті.

Фракция мүшелері мемлекет тарапынан жастардың сапалы білім мен саналы тәртіп алуына, қажетті мамандықты игеруіне, өз арман-мақсаттарын жүзеге асырулары үшін бар мүмкіндіктер жасалып жатқандықтарын,  ауданымыз өркендеуіне бірлесе отырып жұмыстану керектігі жөнінде ойларын айтты.

 

www.zhaikpress.kz
Тоты ЕСҚАЙЫРОВА
Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале