28.09.2016, 10:22
Оқылды: 19

Аудандық кезеңнің жүлдегерлері анықталды

%d0%b0%d1%83%d0%b4%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d1%8b%d2%9b-%d0%ba%d0%b5%d0%b7%d0%b5%d2%a3%d0%bd%d1%96%d2%a3-%d0%b6%d2%af%d0%bb%d0%b4%d0%b5%d0%b3%d0%b5%d1%80%d0%bb%d0%b5%d1%80%d1%96-%d0%b0%d0%bd%d1%8b%d2%9b   «Нұр Отан» партиясы Ақжайық аудандық филиалында аумақтық байқау комиссиясы «Ең үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауының аудандық кезеңінің жүлдегерлерін анықтады.


 Байқауға қатысуға ниет білдірген 14 бастауыш партия ұйымының жергілікті жерде халықпен қарым-қатынасы, жұмысты жандандырудағы тың тәсілдері, сан алуан мәселелерді шешудегі рөлі, партиялық жобаларды жүзеге асыруы, бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысы және жалпы ішкі партиялық жұмыстары сараланды. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айжан Нысанбаева бастаған комиссия шешімімен мүше саны 100-ге дейінгі ұйымдардан «Жайық» (төрайымы Гүлнар Ғилманова), ал 100-ден жоғары мүшесі бар ұйымдардан «Алмалы» (төрағасы Болат Өтешев) бастауыш ұйымы үздік деп танылып, оларға облыстық кезеңге қатысуға жолдама берілді.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале