21.07.2015, 18:12
Оқылды: 22

Аудандық өрт сөндірушілер мен төтенше жағдайлардың техникасы және көршілердің көмегімен «Қызыл әтеш» құрықталды.

Kaztalovka kizil atesh    Ауа райын болжаушылар 21 шілде күні Батыс Қазақстан облысы өңірінде қатты жел болып, оның жылдамдығы 20 - 22 метр секундқа жететінін хабарлаған болатын. Бұңдайда төтенше жағдайлар болса, залалы аумақты болары сөзсіз.

Қатер айтып келмейді, - дегендей 21 шілде күні сағат 15:00 де Қазталов ауылының Ұлықпанов көшесіндегі № 1 - інші үйдің ауласына жинап қойған шөбі өртенді. Алаулаған жалынның "тілі сумаңдап" № 5 үйдің қорасына жетті.

Дер кезінде келіп жеткен аудандық өрт сөндірушілер мен төтенше жағдайлардың техникасы және көршілердің көмегімен «Қызыл әтеш» құрықталды.

Өрт себебі анықталуда.

www.zhaikpress.kz

Гүлфия Көшбаева

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале