26.06.2015, 12:16
Оқылды: 48

Ауданның абыройын асырған Айымжан

Janibek mem kizmetkeri     Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қолдауымен 23 маусым – Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің  төл мерекесіне орай Орал қаласында  22-23 маусым күндері «Үздік жас мемлекеттік қызметші» облыстық байқауын ұйымдастырған болатын.

Мемлекеттік қызметтің беделін көтеру, жас мемлекеттік қызметшілерді елжандылыққа және мемлекеттік қызметші жоғары атағын бағалауға тәрбиелеу, облыстағы үздік жас мемлекеттік қызметшілерді анықтау мақсатын көздеген  байқау екі кезеңнен тұрды.

Аталмыш байқауға  аудан әкімі  аппаратының бас маманы  Айымжан Егеуова да қатысқан болатын.

- Байқау жоғары деңгейде өтті. Таныстыру бөлімінде өзімді қара өлеңмен қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жатқа айтып таныстырдым. Зияткерлік бөлімінде ҚР нормативтік құқықтық актілерінен, Қазақстан тарихынан, мемлекеттік қызметші білуге қажетті деген сұрақтар хақында білім бәйгесіне түстік. Бұл бөлімде қойылған сұрақтарға толықтай жауап беріп, жоғары ұпай алдым.

Аталмыш байқауда «тұлпардан тұлпар озар жарысқанда» демекші бас жүлде бірінші орынды иеленіп, аудан намысын қорғап қайттым.

Бұл байқау жас мемлекеттік қызметші ретінде маған үлкен әсер етті және маған қолдау көрсеткен анама, отбасыма, әріптестеріме, аудан басшылығына алғысым шексіз»,-  деп қуаныштан жүзі бал-бұл жанған Айымжанға  бізде риза көңілмен қарадық.

www.zhaikpress.kz

Меңдігүл ҒАРИФОЛЛАҚЫЗЫ

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале