16.06.2016, 15:43
Оқылды: 23

Аудан басшысы Ақоба ауылында

audan basshysy Akobada Аудан басшысы Наурызбай Қарағойшин Ақоба ауылына барған сапарында әлеуметтік нысандарды аралап, жай жапсармен танысты.


Алдымен ауылдық фельдшерлік-акушерлік пункт, кітапхана, мектеп, балабақшаға барып, мекемелердің негізгі қызметтерімен және жұмыс жоспарларымен жіті танысып, олардың  тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптар қайтарды.

Жиналыс барысында ауылда ауыз су, ұялы байланыс жүйесі және спорт залдың жоқтығы бірнеше жыл шешілмей келе жатырған мәселе екендігі де айтылды. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға аудан әкімі жауап беріп, барлық мәселелер уақыт келе шешілетіндігін мәлімдеді.

                                                                                  www.zhaikpress.kz
Ахмедияр Батырханов
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале