27.06.2016, 16:19
Оқылды: 30

Аудан басшысы тілшілерді төл мерекесімен құттықтады  

 

audan akimi tilshilerdi kuttyktadyШыңғырлау ауданының әкімі Альберт Есалиев аудандық «Серпін» газетінің ұжымын Баспасөз күні мерекесімен құттықтады.


 

Аудандық «Нұр Отан» ғимаратының мәжіліс залында өткен мерекелік басқосуда аудан әкімі Альберт Темірболатұлы аудан газетінің қоғам дамуындағы  үздіксіз үлесі, алар орны туралы толғана тілек арнап, ұжымның әрбір қызметкерінің қарымды қаламына, шығармашылық қуатына баға беріп, шынайы ниетпен кәсіби мерекемен құттықтады.

Басқосу барысында басылым редакторы Адақ Шотпанов аудан үнпарағының тыныс-тіршілігімен таныстыра отырып, талантты тұлға, Қазақстанның «Құрметті журналисі», бүгінде арамызда жоқ Амангелді Төрәліұлы Үмбетәлиевті еске алуға арналған аудандық тілшілер байқауын түйіндеп, жеңімпаздарға аудан басшысы А.Есалиев байқау дипломдарын табыс етті. Аудан тұрғындары ақын Қойшыбай Бижанов, аудандық Ішкі істер бөлімінің ардагері Марат Мәмбетов және жаңа ұшталған жас қалам, Шыңғырлау мектебінің мұғалімі Әсем Туғарисова байқау жеңімпаздары боп танылды.

Осы тұста басқосуға арнайы шақырылған қаламгер ағаның отбасынан Бақытжан Амангелдіұлы өзінің алғысын, аяулы жанды ұмытпаған, халық жадында сақтауға тырысып келе жатқан газет ұжымына, аудан басшылығына  жүрекжарды тілегін арнады.

www.zhaikpress.kz
Қаршыға Елемесов

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале