4.10.2016, 10:07
Оқылды: 32

Аудан күні тойланды

%d1%88%d1%8b%d0%bd%d0%b3%d1%8b%d1%80%d0%bb%d0%b0%d1%83-%d0%b0%d1%83%d0%b4%d0%b0%d0%bd%d1%8b%d0%bd%d1%8b%d0%bd-%d0%ba%d1%83%d0%bd%d0%b83Қазан айының 1-ші жұлдызында Шыңғырлау  өңірі  аудан күнін тойлады. Бұл күні табиғат анамыз  да оң қабақ танытып, шуағын төгіп- ақ тұрды. Мерекеге халық  көптеп жиналып,  мерекелік концерт, спорттық ойын түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып,  соңы көпшілік серуенге ұласты. Шыңғырлаулықтар мен қонақтарға арналып сауда-саттық нүктелері жұмыс істеп, тәтті сусын  мен кондитерлік өнімдері, исі мұрын жарған кәуәптар  сатылымға шығарылды

Мерекені аудан әкімі Альберт Есалиев құттықтау сөзімен ашып,  атаулы күнге  %d1%88%d1%8b%d0%bd%d0%b3%d1%8b%d1%80%d0%bb%d0%b0%d1%83-%d0%b0%d1%83%d0%b4%d0%b0%d0%bd%d1%8b%d0%bd%d1%8b%d0%bd-%d0%ba%d1%83%d0%bd%d0%b81орай  еңбек үздіктерін  марапаттады. Сонымен қатар  осы мереке үстінде    Шыңғырлау  ауданының  көркейіп,  дамуына зор үлес қосқан азамат,  білікті басшы  аудан күніне арнайы келіп отырған  ақсайлық қонағымыз  Алдияр Халеловке  « Шыңғырлау ауданының  құрметті азаматы » белгісін  салтанатпен табыс етті.

Тамаша мейрам күні дәстүрлі   ұлттық ойындар  көптеп көрініс тауып, әсіресе бәйге, қыз қуу, аударыспақ, гір көтеру, теңге алу
сияқты  жігіттер бақ сынасқан  жарыстар ұйымдастырылды.  Жарыстарда оза шауып жеңіске жеткендердің алды мәшина мініп, ал соңы бағалы, ақшалай сыйлық алып, мәре-сәре болысты.

 Айсұлу Арыстанова

www.zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале