31.07.2015, 16:08
Оқылды: 19

Аудан кәсіпкерлері күні

Қаламыздағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексовтың қатысуымен Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлері күні өтті.

DMS_8716     Шараға Шыңғырлау ауданының әкімі Алдияр Халелов және аталмыш ауданның кәсіпкерлері, өңіріміз бойынша кәсіпкерлікті дамыту институттары, сондай-ақ екінші деңгейлі банк қызметкерлері қатысты.

Жиынның негізгі мақсаты ауыл кәсіпкерлерін кәсіпкерлік саласына қатысты мемлекеттік қолдау-көмек түрлерімен жан-жақты таныстыру болды. Мұндай шара алғаш рет қолға алынып отыр. Алдағы уақытта өзге де аудан кәсіпкерлерінің қатысуымен тұрақты түрде өткізілмек.

www.zhaikpress.kz

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале