9.06.2015, 16:29
Оқылды: 19

Аудан тарихында ардагерлер кеңесін тұңғыш рет әйел адам басқаруға кірісті

DSC_0084Ақжайық аудандық ардагерлер кеңесінің кезекті пленумы өтті. Осында бір мәселе - кеңестің осыған дейінгі төрағасы Бағдат Хайруллин өз арызы бойынша бұл жұмысты тапсыруына байланысты оның орнына жетекші сайлау күн тәртібіне қойылды.

Ауылдық округтерден өкілдер, мекеме, ұйым жетекшілері шақырылған пленумды аудан әкімі  Нариман Төреғалиев ашқан соң облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзағали Мұхамбетов сөз алып, кеңес төрайымдығына Альмира Мушағалиеваны ұсынды.

А.О.Мушағалиеваның есімі аудан жұртшылығына жақсы таныс. 1956 жылы Чапаевта дүниеге келген оның Орал пединститутын шет тілі мұғалімі мамандығы бойынша тамамдаған соң, бүкіл еңбек жолы білім саласына арналды. Атап айтқанда, мұғалім, Чапаев №1 орта мектебі директорының орынбасары, аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары, соңғы кезде – жұмысы республикаға мәлім балалар шығармашылығы орталығы директорының орынбасары. Альмира Оразқызы істе тың бастамашылдығымен, басқаға әрдайым көмекке әзір тұруымен әріптестерінің, тұрғындардың қошеметіне бөленіп келеді.

Пленумда А.Мушағалиеваның кандидатурасы толық мақұлданды. Сөйтіп, аудан тарихында ардагерлер кеңесінің тұңғыш рет әйел адам, «жас» зейнеткер басқаруға кірісті.

М.Мұхамбетов ардагерлер кеңестері үшін ұлттық дәстүрді нығайту, ардагерлердің бастауыш ұйымдарының жұмысына тың серпіліс әкелу, т.б. міндеттерге қатысты сөз сөйледі.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале