26.10.2015, 15:18
Оқылды: 25

Аудан тойына – балуандар белдесуі

Сырым куресТүстен кейін Жымпитыдағы дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде Қазақ хандығының 550 жылдығы мен аудан күніне арналған қазақ күресінен «Нұр Отан» партиясының жүлдесі үшін аудандық ашық турнир өтті.

4UEpYz-7HZUІрі салмақтағы 13 палуанның боз кілемдегі қарсыласын сайысалды тартылған жеребе анықтады. Палуандар күресіне Артур Шерғалиев және Ержан Шүкіров төрелік етті. Сырым аудандық қазақ күресі федерациясының Президенті Санат Берсебаев жарыстың бас төрешісі болды.

Турнир қорытындысы бойынша, жосалылық Дамир Қалақов жеңімпаз атанды. Жымпитылық Нұрымжан Ғаббасов пен Асхат Нұрмұханов кейінгі орындарды бөлісті.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале