5.05.2016, 11:26
Оқылды: 52

Аудан әкімдігінде алқалы жиын өтті

Orda audan akimi jyin     Жер мәселесіне байланысты Бөке Ордасы ауданы әкімдігінде алқалы жиын өтіп, оған аудан әкімі аппараты, мәслихат хатшысы, мекеме, ұйым басшылары, ақпарат құралы өкілдері қатысты. Басқосуды Нұрлан Рахымжанов кіріспе сөзбен ашып, орынбасары Рүстем Зұлқашев, жер қатынастары бөлімі басшысы Руслан Карин заңға егжей-тегжейлі түсінік берді.


     Олардың айтуларынша, «Жер жаппай сатылады» деп даурығу бекер екен. Бос жатқан, иесіз жерлер ғана аукцион арқылы сатылатын көрінеді. Онда да тек Қазақстан Республикасы азаматтарына. Биылғы жылдың 1 шілдесіне дейін шаруа қожалығы ретінде тіркелген тұлға иелігіндегі жерді 50 пайыз жеңілдікпен сатып алып, ақшасын 10 жыл ішінде төлеуге тиіс. 1 шілдеден кейін тіркелген қожалықтар жерді толық бағасына алғанымен, оларға да 10 жыл ішінде есептесуге мұрсат беріледі. Аукционға шығарылатын жерді аудан әкімдігі белгілейді. Аукционға түсуге жеке тұлғалармен қатар мемлекеттік емес заңды тұлғалар да құқылы.

   Жиында аудандық мәслихат хатшысы Ерболат Таңатов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілеген Арыстанбеков, Сайқын ауылдық округі әкімі Бисенбек Насимоллин, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы Мұрат Таңатов сұрақ қойып, пікір білдіріп, белсенділік танытты.

www.zhaikpress.kz

К.ҒАЙСИН.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале