4.12.2015, 17:25
Оқылды: 18

Аудан әкімімен кездесу барысында көгілдір отын жеткізу жұмыстарын қорытындылау жайы баса айтылды

Sirim Bulan   Сырым ауданының әкімі Абат Шыныбеков Бұлан, Жамбыл, Аралтөбе және Қызылағаш ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Кездесулер барысында «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты ҚР Президенті  - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы талқылануда.


 

Аудан басшысы өз сөзінде Елбасы жолдауымен жолы ашылатын жаңа тиімділіктерді атап өтті және биылғы жылы ауданда атқарылған жұмыстарға шолу жасады. Жергілікті тұрғындар өз тараптарынан Елбасының жолдауына қатысты оң пікірлерін білдіруде.

Кездесу барысында кейбір жергілікті маңызы бар мәселелер көтерілді. Оның ішінде аталған елді – мекендерге көгілдір отын жеткізу жұмыстарын қорытындылау жайы баса айтылды.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале