17.08.2015, 19:37
Оқылды: 37

Аудан әкімі есеп берді

МукаевЖәнібек ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті ХХХVІ сессиясы өтіп, оған аудан әкімі М. Мұқаев, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, ауылдық округтердің әкімдері, дербес бөлімдердің, мекеме-кәсіпорындардың басшылары, қоғамдық бірлестіктердің төрағалары қатысты.

Сессияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудан әкімі М. Мұқаев есеп берді. Мұрат Рахметұлы өз баяндамасында үстіміздегі жылдың өткен жартыжылдығында ауданның бюджет, мал шаруашылығы, оның тұқымын асылдандыру, ауылдық тұтыну кооперативін құру арқылы тұрғындардың жеке қосалқы шаруашылығындағы малды мемлекеттік бағдарламалар аясында тұқымдық түрлендіруге қатыстыру, шағын кәсіпкерлік субьектілері, жұмыспен қамту, білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй салу, жер бөлу, республикалық маңызы бар жолға күрделі жөндеу жүргізу бойынша атқарылып жатқан негізгі жұмыстарға тоқталып, алдағы уақытта шешімін табуға тиіс өзекті мәселелерді де атап көрсетті.

Баяндама бойынша жарыссөзге шыққан №7 Күйгенкөл сайлау округінен аудандық мәслихаттың депутаты Ж.Хамзина аудан әкімінің атқарған жұмысына оң баға беріп, депутаттар тиісті шешім алды.

Сессияда аудан әкімі Мұрат Мұқаев сөз сөйледі.

www.zhaikpress.kz

Асқар ҚҰСАЙЫНОВ

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале