12.07.2016, 11:06
Оқылды: 59

Ауласын гүл бағына айналдырған

????????????????????????????????????

Қараөзендік Жамиға Халимуллина гүл өсіріп, бау-бақша баптаумен айналысып келеді. Жаз бойы оның үйінің ауласында гүлдердің небір түрі өсіп тұр.

   Жамиға апамыз соңғы 2-3 жыл турасында гүл өсіріп, ауласын гүл бағына айналдырған. Біз барған уақытта ауласы құдды бір кілемге оранғандай.


   -Ал гүлдерді күтіп баптау ұқыптылықты қажет етеді. Өсімдіктер де тіршіліктің иесі. Олар да өзін жақсы көргенді сезеді. Көңіл-күйіне байланысты өсіп, жетіледі,-дейді біздің кейіпкеріміз. Жамиға Халимуллинаның ауласында гүлдің 5-6 түрі бар екен. Оларды бапта, гүл өсіргеннің пайдасы зор екенін айтады. Жерді мәпелеп, еңбек етсең, төгілген тердің зая кетпейтінін білетін Жамиға апамыз қараөзендік ағайындарды ауласына гүл, жеміс ағаштарын отырғызуға үндеп келеді. Сонымен қатар ауласында жеміс ағаштары да бар екен. Ал, ауласындағы гүл бағы әдеміліктің белгісіндей болып тұр.

   Тұрарбек ағамызбен қырық жыл отасқан Жамиға апай екеуі үш ұл, үш қыз тәрбиелеп өсіріп, ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырған бақытты ата-ана. Тұрарбек ағамыз «Дастан» шаруа қожалығын құрып, бүгінде алпыстан ассада еңбекке араласып келеді. Ауласында ұлдарына былтырғы жылы құрылысы басталған алты бөлмелі тұрғын үй салып, Алла бұйыртса биылғы жылы қоныс тойын тойламақ. Сонымен қатар Тұрарбек ағамыз бен Жамиға жеңгеміз  жеті немере, алты жиен сүйіп отырған бақытты отбасы.

   -Қолда бар мүмкіндікті пайдаланып, айналаны тоздырмай тіршілік етуге болады. Ауламнан гүлдердің жұпар иісі аңқиды. Мен кәсібімен бейжай қарамаймын. Бұл пайда табуды мақсат тұтқандық емес, өз ісіңе адалдықты білдіреді. Балаларым, немерелерім табиғаттың сұлулығын бойына сіңіріп өссе екен деймін. Гүл өсіріп, бау-бақша жұмысымен айналысқан бала еріншек боламайды,-дейді Жамиға Халимуллина.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Қараөзен ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале