22.07.2015, 13:16
Оқылды: 19

Аурудың алдын алуға арналды

Sirim Aurudin aldin aliga arnaldi   Сырым аудандық «Нұр Отан» ғимаратының мәжіліс залында бизнес саласының жетекшілерін жоғары деңгейде біліктілігін арттыруға арналған туберкулез ауруымен ВИЧ инспекциясының алдын алу мен түсіндіру мақсатында «Үміт» Орал өңірі әйелдері Одағының Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Әлия Райымқұлова, Батыс Қазақстан облыстық СПИД орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі Эльвира Хафизова жиын өткізді.

Жиынға қатысушыларға арнайы мамандар ВИЧ инфекцияның пайда болуы мен таралу жолдары жайында және осы инфекцияның бүгінгі таңға дейін емі табылмай отырғандығы, алайда бұл инфекцияның таралуын тежейтін арнайы дәрі-дәрмектер барын түсіндірді.

Мамандардың айтуына қарағанда адамның жасы мен жынысына қарамайтын бұл инфекция әсіресе Оңтүстік Қазақстанда көбейген. Бүгінгі мәліметке сүйенер болсақ, Батыс Қазақстан облысында ағымдағы жылдың 1 қаңтарына 445 адам осы дертпен тіркелген. Ал Батыс Қазақстан облысында соңғы 5 жыл ішінде жүкті әйелдер осы дертке көбірек шалдыққан.

www.zhaikpress.kz

М.Мәлікқызы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале