25.04.2016, 11:12
Оқылды: 37

Ауруханадағы «Ашық есік»

Karatobe ashik esik kyni    Қаратөбе аудандық орталық ауруханасы 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесіне орай ардагерлерге арнап ашық есік күнін өткізді.


     Ашық есік күнінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері және оларға теңестірілген қариялар ауруханадан ем-дом, медициналық кеңес алуға мүмкіндік алды. Оларға алдымен аурухананың тіркеу бөлімінен бастау алар «Емделуші маршуты» таныстырылды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет стандарты, тіркелген халық тіркелімі порталы туралы мәліметтер де ұсынылды.

    Қатысушыларға тегін медициналық көмек және аурулар тізімі бойынша тегін берілетін дәрі-дәрмектер туралы ақпараттар берілді. Ашық есік күніне қатысушы ауыл қариялары профилактикалық тексеруден өткізіліп, тиісінше дәрігер-мамандардан кеңес алды.

     Шара қорытындысында олардың бірі лабораторлы-инструменталдық тексеруден өткізілгеннен кейінгі үйдегі станционарға ем-дом алуға жолданса, енді бірі Жаңақала ауданаралық сауықтыру орталығына (қатысушылардың өтініші бойынша) мамыр айына жолдама алды.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале