30.10.2015, 18:12
Оқылды: 48

Ауруханадағы «Мейірбандық күндері»

ашык есикАудандық орталық аурухананың ұжымы «Мейірбандық күндері» қайырымдылық айлығына орай бұрын осында қызмет атқарған дәрігерлер Қатима Шонаева, Рысқаным Усабаева, Зоя Бердіғалиева, Зифа Сүлейменова, Манзура Сағындықова, Майра Қабылқаева және тағы басқаларды арнайы шақырып, оларға құрмет көрсетті.

Алдымен аурухананың жас мамандары Әсемгүл Үмбетәлиева, Нартай Ерсайынов, Ғалима Ғалиханова, Динара Қаресовалар тамылжыта ән салып, мың бұрала би билеп, қонақтардың көңілін бір көтеріп тастады. Өз кезегінде зейнеткерлер өткен шақтарынан қызықты естеліктер айтып, тәжірибелерімен бөлісті. Жастық кездерін еске алған Әспет Махашева, Қабира Сұлтанова ән салса, Ғалия Баймұратова би биледі.

Концерт соңынан ардагерлерге дастархан жайылып, олар өз тілектерінде аурухана басшылығы мен жастарға ризашылықтарын білдіріп, шараның көңілдерінен шыққандығын айтты, баталарын берді.

Бас дәрігердің міндетін атқарушы Сәуле Исмағұлова мен кадр бөлімінің инспекторы Зәмзәгүл Сапарғалиева шара барысында белсенділік танытқан жастарға және өз өнерлерін көрсеткен зейнеткерлерге алғыстарын білдірді. Сонымен қатар айлық аясында ауруханада ардагерлерге арналған ашық есік күндері өткізіліп, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек ретінде азық-түлік алынып берілді.

                                                                            www.zhaikpress.kz

 Асқар ҚҰСАЙЫНОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале