13.05.2016, 12:31
Оқылды: 18

Ауру азайып келеді

Janakala brucelez azayip keledi     Соңғы кезде Жаңақала ауданында төрт түлік малда бруцеллез ауруы белең алып, аудандағы мал басының өсіміне кеселін тигізіп отырғаны әмбеге аян. Әлбетте аурудың зардабын аудан тұрғындары да тартуда.


     Жаңақала аудандық ветеринариялық бөлімінің басшысы Марат Нұрғалиевтің мәліметі бойыншаағымдағы жылдың сәуір айындағы соңғы зерттеу нәтижесінде бруцеллез мал саны азайған. 2015 жылы 16081 мүйізді ірі қара малы зерттеліп, онда 451 бас оң нәтиже көрсетіп, ауру мал саны 2,8 пайызды құраса, сәйкесінше 2016 жылы 19556 мал саны толық зерттеліп,  231  бас оң нәтиже берген. Ал 2015 жылы зертелген ұсақ малда 16 бас оң нәтиже берсе, биылғы зерттеу қорытындысында 1 бастан аурудың белгісі анықталған.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале