21.09.2016, 10:26
Оқылды: 31

Ауылдастарын тәтті қалашпен қамтуда

i-1 Бисендік кәсіпкер Күләш Биданова қалаш исі аңқыған наубайханасында жұмысын жандандыру үстінде. Ол нанмен қоса, бөлки, пирог, тәтті торттар пісіруді де қолға алған.

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы арқылы алынған несиеге   қамыр илейтін, торт дайындайтын құрылғы сатып алып, жоғары сұрыпты ұннан пісірілген нан бағасы 120-дан, бірінші сұрыптікін 100 теңгеден сатуда. Ауылдағы той, садақа кезінде тапсырыс та көбейе түседі екен.

Г.ТАСБОЛАТҚЫЗЫ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале